Қалың қалай, менің сүйікті балапаным - Айман! Мен - Аяз ата, иә, иә, мен алыстағы солтүстік елдерден келген сол мейірімді атаңмын. Хатыңды пошта арқылы алдым, сенің хатыңды оқып, қатты қуандым, сен өз хатыңда биыл 2-сыныпқа оқып жатқаныңды, жақсы білім алып жатқаның туралы жазсыпсың, өте керемет! жәнеде ата-анаңа көмектесіп, бауырың Арысқа да жақсы қарайды екенсің, менің ақылдым, айналайын! Сабақты жақсы оқып, онлайында ағылшын тілін меңгеріп жатыр екенсін, өте жақсы, Ағылшын тілімен дүниежүзіндегі барлық адам сөйлейді, егерде ағылшын тілін жақсы үйреніп алсаң, кейін маған ағылшын тілінде хат жазуыңа болады, сол хатыңды мен асыға күтетін боламын, ағылшын тілді жақсы үйренып ала ғой, әкең мен анаңның тілін алып, сабағыңды тек 5 ке оқы , сонда ғана әр жылы сенің арманыңды орындауға тырысамын, ал, егер сабағыңды нашар оқып, үлкен кісілердің сөзіне құлақ аспасаң, өкінішке қарай ендігі жылы ешқандай арманыңды орындап бере алмаймын, Аймантай. Сен ақылдысың, сондықтан мен саған сенемін, сен әр жылы жақсы табысқа жететіңіді, осы айда математиканың олимпиада жарысында жақсы нәтиже көрсетіпсін, өте керемет. Сен мықтысың, сен әліде бәріне қол жеткізесің! Егер алдыңда қиындық туып жатса демейтін әкең мен анаң бар, әрине менде саған демеу боламын, мен сенің көзіңе көріне бермеймін, бірақ, саған қолдау көрсететіндерге бағыт беріп отырамын. Сенің өзіңе деген сенімін мен қалауың бәрін де жеңе алады.Мен және ата-анаң сен үшін мақатанады, тағыда тынбай еңбектен, жақсы үйрен, сенің ендігі келе жатқан жаңа жылдада жақсы табыстарыңмен мені қуантатыныңа сенемін. Сен өзің биыл қалай тез және әдемі болып өсіп кеткенсің , бірақ сен менің жүрегімде әлі кішкентайсың, сүйкімдісің. Ал, міне 2021 жаңа жылда келіп жетіпті, сондықтан жаңа жыл саған және жақын адамдарыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Жаңа жыл — жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Саған жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Ізгі тілекпен - Аяз ата. 30.12.2021 ж.