Сәлеметсің бе, менің кішкентай досым, Нұрғиса!
Бұл хатты жазып отырған сиқыршы Аяз Ата. Ата - анаң саған мен жайлы айтқан болар. Керемет жаңа жыл қарсаңында мен әлемдегі барлық балалар мен ересектерді құттықтаймын және ақылды балаларға сыйлықтар әкелемін. Менің бүкіл әлемдегі көмекшілерім терезелерді аязды өрнектермен безендіреді, сонымен бірге балалардың терезелеріне қарап, олар туралы айтып отырады. Міне, олар маған әлемде өзің сияқты керемет ақылды кішкентай бала бар екенін айтты! Мен сені Жаңа жылмен құттықтау үшін бәрінен бұрын саған хат жазуға асықтым!
Жаңа жыл - ертегі мен ғажайыптарға толы мереке. Түрлі-түсті шарлар мен әдемі жарқыраған ойыншықтар ілінген шырша. Ақ сақалды, үстінде қызыл шапанын киген атаны көрген боларсың, бұл мен Аяз ата. Енді әр Жаңа жыл сайын Мен саған қонаққа келіп, сыйлықтар беремін. Менің көптеген көмекшілерім бар. Олар бүкіл әлемдегі балалар жайлы ақпарат айтып отырады. Сол көмекшілерімнің бірі биыл сенің мектеп табалдырығын аттағаныңды айтты. Сабақты жақсы оқып, жазуды үйренген екенсің, білім алып бастағаннан ақ көптеген жетістіктерге жетіп диплом, грамота алған екенсің, ЖАРАЙСЫҢ! Әрі қарай да біліміңді шыңдап, биік белестерді бағындырар ер азамат бол. Биыл сен маған алғаш рет хат жазыпсың, сенен хат алғаныма қуаныштымын.
Жаңа жыл құтты болсын, Нұрғиса! Үлкен, ақылды, сабағын жақсы оқитын, тілалғыш, мейірімді, батыл, ер жүрек бала болып өс! Алып жатқан білімің ертеңіңе зор азық болсын! Саған ғажайыптар мен қызыққа толы бақытты балалық шақ тілеймін. Әрбір баланың асқақ армандары болады, сенің де армандарың бар шығар, сол армандарыңның орындалуына тілекшімін!
Сәлемнен, өзіңдей кішкентай балаларды жақсы көретін, мейірімді Аяз Ата!
Келер жылға дейін сау бол Нұрғиса!